Білім саясатын талдау орталығы (БСТО) 2017 жылы құрылды. Басты миссиясы – Қазақстанда білім саласында зерттеу жүргізу тәжірибесін енгізу. Сондай-ақ, мұндай зерттеулерде білім саясатын бағалау және сараптау мәдениетін дамыту.
Орталықты құрудағы басты идея – білім саясатын дамытуда талдаудың маңыздылығына назар аудару. Біз білім саласында шешімдер талдау мен дәйектілік базасына негізделіп жасалуы тиіс деп есептейміз.
Біз білім саясатында болмашы қадамдар мен маңызды емес шешімдер жоқ деп санаймыз. Жаңа бағдарламаны енгізу болсын, реформаны жүзеге асыру немесе жоғары білімге бөлінетін грант санын ұлғайту болсын аса маңызға ие. Әр қадам жасар кезінде толық талдау жүргізілуі қажет. Бұл маңызды әрі бірінші кезектегі талап болуы шарт.
Орталық командасы білім саясатын дамытуда талдау аса маңызды және негізгі компонент деп санайды. Біз, өз кезегімізде, бұл талдауды мінсіз, сапалы жүргізу үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға әзірміз.
Орталықтың көздеген мақсаты білім саласында талдаудың рөлін қайта қарастыру және оны білім саясатын құрастыру процесінде “қосымшадан” негізгі қадамға айналдыру. Орталық білім саясатын дамытуда талдау мен зерттеудің аса маңызды рөлге ие екенін алға тартады.
Мақсаттарға қол жеткізу үшін Орталық өз жұмысының екі басым бағытын айқындады:
1) жоғары сапалы тәуелсіз сараптаманың арқасында Қазақстанда білім саласындағы зерттеулерді ілгерілету,
2) білім саласында жергілікті зерттеу әлеуетін дамыту.
Біздің қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметі, еліміздің Білім және ғылым министрлігі, оған бағынышты ұйымдар, халықаралық және жергілікті институттар, үкіметтік емес ұйымдар, ғалымдар, саясатты әзірлеушілер, білім, экономика, мемлекеттік саясат саласындағы зеррттеушілер, академиктер мен сарапшыларға бағытталған.